Енді елімізге сырттан алма әкелуге болмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі импортқа шектеуді тек уақытша, яғни жыл соңына дейін ғана енгізілгенін айтады. Құжат кеше күшіне енді. Оған сәйкес алманы көліктің кез келген түрімен үшінші елдерден Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынады.
Бірақ қыркүйекке дейін жөнелтілген және еліміз арқылы транзитпен өтетін алмаларға шектеу жоқ. Мамандар мұндай шараны отандық өндірушілерді қолдауға әрі олардың өнімін тұрақты өткізуге бағытталған, дейді.
Тегтер #алма #импорт #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz