RU
Толық нұсқаға өту
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстанда тұрғынның үйінен 2 келіге жуық марихуана табылды

04.09.2026, 15:09 42

Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен 1,9 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды 24KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елді мекендердің біріндегі 40 жастағы тұрғынның үйінен табылған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері одан есірткі тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғыны тәркіледі.

Ер адамның айтуынша, ол жабайы қарасораны жинап, кептіріп, жеке тұтыну үшін сақтаған. Ол өз кінәсін мойындады.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен сотқа жолданды.

Бұл – жалғыз дерек емес. Жыл басынан бері Аққайың ауданында есірткіні ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша үш қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Заңсыз айналымнан барлығы 19,6 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Бұдан бөлек, синтетикалық есірткі затын өткізуге қатысты бір дерек тіркеліп, одан 5,2 грамм есірткі тәркіленді, делінген хабарламада.

Полиция есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz