RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

04.09.2026, 19:11 36

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайыздан 16,25 пайызға дейін төмендетті. Бұған инфляцияның баяулауы себеп болды. 

Өткен айда жылдық инфляция 9,8 пайызға дейін түскен. Азық-түлік инфляциясы көкөніс, жеміс-жидек және импорттық тауарлар бағасының төмендеуіне байланысты 9,5 пайызға дейін бәсеңдеді. Ал азық-түлікке жатпайтын өнімдер бойынша инфляция 11,4 пайыз, сондай-ақ қызмет көрсету саласында 8,9 пайыз болды. Биыл жыл соңына дейін инфляция болжамы өзгеріссіз қалып, 9-11 пайыз деңгейінде сақталды. 2027 жылға қатысты болжамын Ұлттық банк бұрынғы 5,5-7,5 пайыздан 6,5-8,5 пайызға көтерді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz