Биыл Алматы облысында 37 орман өрті болып, 5 мың гектарға жуық аумақты қызыл жалын шарпыды. Салдарынан табиғатқа 15 млн теңгеден астам шығын келді.
Өрттің алдын алу мақсатында аумақтарды құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералды жолақтар төсеу жұмыстары жүрді. Шелек, Қарадала, Бақанас, Күрті және Қаскелең орман шаруашылықтарында 9 бақылау бекеті орнатылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып жатыр. Жағдай күрделенсе, өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» және «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің тікұшақтары тартылады. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға аула мен жер телімдерін қоқыс пен қураған шөптен тазартуды ескертеді.
Айғаным Мүсекенова, Алматы облыстық ТЖД бас маманы:
- Өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бері 1 мың 282 гектар аумақта құрғақ өсімдіктердің 804 рет жану фактісі тіркелді. Рейдтік іс-шараларды өткізу үшін азаматтық қорғау органдарының, жергілікті полиция қызметінің, орман шаруашылығы мекемелерінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен әрбір ауданда мобильді топтар құрылды. Мобильді топтар тарапынан 432 рейдтік іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 38 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 4 млн 381 мың 670 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz