RU
Толық нұсқаға өту

Мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

04.09.2026, 20:27 38

Энергетика министрі кәсіби мерекеге орай мұнай-газ саласы қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады. 

Ерлан Ақкенженов олардың энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, экономиканы дамытуға және ірі өндірістік жобаларды іске асыруға қосқан үлесін атап өтті. Сала қызметкерлеріне кәсібилігі мен адал еңбегі үшін алғыс білдірді. «Соның арқасында Қазақстан энергетикалық кешенінің тұрақтылығын сақтап, оның әлеуетін одан әрі дамытып келеді», - деді сала басшысы. Былтыр елде 99,55 млн тонна мұнай өндіріліп, рекордтық көрсеткішке қол жетті. Ерлан Ақкенженов биыл сала бірқатар елеулі сын-қатерге тап болғанына қарамастан, мамандардың кәсіби жұмысының арқасында жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туғанын айтты. Биыл ел 96 млн тоннаға жуық қара алтын өндіруді көздеп отыр. «Біздің міндетіміз – шикізатты терең өңдеуге көшу», - деп атап өтті министр.

Ерлан Ақкенженов, ҚР энергетика министрі:
- Бүгін – мұнай газ кешені қызметкерлерінің төл мерекесі. Шын жүректен құттықтаймын! Біздің мұнай-газ саламыз дами берсін дегім келеді. Мұнай-газ саласында 100 мыңнан астам адам қазір жұмыс атқарып жатыр. Әрине ол өте күрделі жұмыс.

Айтжан Хайруллин, мұнай-газ саласының маманы:
- 39 жыл бойы жұмыс істеп келе жатырмын. Рахатын да көріп жатырмын, жақсы жағы да бар, қиын жағы да бар. Еңбегімді бағалап, құрметтеп жатқандары үшін көп-көп рақмет айтамын
!

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz