Мемориалдық кешен өрт сөндірушілердің ерен ерлігі мен жанкешті еңбегіне арналды. Аллеяның аумағы – 1 800 метр.
Кешенде төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің есімдері тасқа қашалып жазылған. Сондай-ақ үш адамды құтқарамын деп ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің де ескерткіші бар. Аллеяның салтанатты ашылу рәсіміне қызмет барысында көз жұмған құтқарушылардың жақындары, Төтенше жағдайлар министрі және жергілікті сала мамандары қатысты.
Шыңғыс Сағындық, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Осы құтқарушылар аллеясында бізде арнайы қаза тапқан жауынгерлеріміздің тақтасы ашылды. Сонымен қатар батырымыз Асқар Забикуллиннің ескерткіші орнатылған. Сондықтан бұл аллеяны жерді таңдап, ертең біздің болашақ ұрпақтарымыз батыл мамандықты таңдап, өзінің жолын осы қызметпен жалғастыруға ниеттенеді деп ойлаймын.
Тегтер #Көкшетау #құтқарушылар #аллеяPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz