Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жаңа жобаның құны – 881 млрд теңге.
Әрқайсысының қуаты 350 МВт болатын екі энергия блогын кезең-кезеңімен 2032 жылға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Электр станциясы іске қосылғаннан кейін жылына 5 млрд кВт сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады. Шамамен 4,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Нысан «таза көмір» технологияларын қолдана отырып, жоғары қысым мен температура жағдайында жұмыс істеуге арналған заманауи энергетикалық жабдықпен жарақтандырылады.
Тегтер #24KZ #Курчатов #электр станциясы #келісім #Олжас Бектенов #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz