RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Асқақ рухты Әулиеата» атты жәрмеңке өтті

05.09.2026, 21:15 51

Онда жамбылдық қолөнер шеберлерінің өнімдері қала халқы мен қонақтарының назарына ұсынылды. 

Бас-аяғы 52 креатордың 10 мыңға жуық туындысы таныстырылды. Айталық, жоба креативті индустрияларды дамыту қорының «Creative AIMAQ» республикалық жобасы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Жәрмеңке ертең де жалғасады. 

Сара Мадиева, Креативті индустрияны дамыту қорының Жамбыл облысы бойынша координаторы:

- Тараз қаласы – Жамбыл облысының орталығы. Бұлдүниежүзілік қолөнершілер қауымдастығына тіркелген алтыншы өңір. Сондықтан бүгін бізді осы жерге алып келген басты дүниеміз – қолөнершілердің жұмыстары. Жалпы экономикалық бағыт бойынша қолөнердің 53 түрі бар, соның ішінде 31 түрін осы жерге алып келіп отырмыз. Оның ішінде халық шығармашылығының барлық түрін қамтып отырмыз. Яғни бұл – ағаштан жасалған дүниелер, киіз бұйымдары, зергерлік бұйымдар. 

Әулиета аймағы – ежелден он қолынан өнер тамған шеберлердің ордасы. Бүгінде өңірде 272 креативті индустия өкілі ресми тіркелген. Олар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, шығармашылықты, технологияны және жаңа идеяларды біріктіріп түрлі туындыларды жасап келеді. 

Анар Бексұлтанова, шебер:

- Астана төрінде өтіп жатқан, «Асқақ рухты Әулие ата» жәрмеңкесіне қазақ қолөнершілері келіп қалдық. Бізге бүгінге атмосфера ұнап жатыр. Осы қолөнермен айналысып жатқанымызға мінекей 10 жылдай болды. Осы 10 жылдың ішінде, әсіресе соңғы 5 жылдың ішінде ұлттық қолөнеріміз өте дамып келе жатыр десек болады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz