RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде жаңа су құбыры салынып жатыр

06.09.2026, 07:30 48

Ақтөбеде «Сарбұлақ – Құндақтықыр» ауыз су құбыры жүргізіліп жатыр. Жоба облыс орталығының жаңа шағынаудандарын мөлдір сумен қамтамассыз етуге бағытталған.

«Сарбұлақ» жерасты кен орнында ұңғыма бұрғылау жұмыстарына қажетті қаражат қайтарылған активтер есебінен бөлінді.

Ақтөбе қаласын 30-дан астам жерасты су кені ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда Құндақтықыр, Електің оң және сол жағалауы сияқты су қоры мол 4-і негізгісі. Келер жылдан бастап олардың қатарына Сарбұлақ жерасты кені қосылады. Жобаға сай мамандар 20 артезиан ұңғымасын бұрғылап, 26 шақырым су құбырын тартуға кіріскен. 

Нағымжан Алдияров, Коммуналдық компанияның бас директоры: 

- Құндақтықырдың су қоры бүгінгі таңда 25 мың текше метр су береді. Сарбұлақтың да жобалық күші – 25 мың текшеметр. Жалпы алғанда Ақтөбенің қазір 100 мың текшеметр судың күнделікті пайдаланатын 50 мың текшеметрін жаңағы екі су қоры қамтамассыз ететін болады.

Ақтөбе шаһарының оңтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігінде қазір құрылыс қарқынды. Негізінен көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатқан Алтын Орда шағын ауданымен қатар, жеке баспана құрылысына бөлінген Жаңақоныс бағытында бірнеше аудан бой түзеп келеді. Сондықтан Сарбұлақ жерасты су кенінің қаланың тұрақты дамуы үшін маңызы зор.

Азамат Бекет, қала әкімі:

- Бізде Бауырластар 3,5, Жаңақоныс 3 пен 4 және де болашақта бас жоспарға сай Батыс-3 ықшамауданы бой көтергелі жатыр. Батыс 3 өзін алатын болсақ, ол жерде 100 мыңнан астам адам тұратын болады. Енді осы су құбыры болашақта осы ықшамаудандарды және тұрғын алабтарды қамтамассыз етеді деп жоспарлап отырмыз.

600 мыңнан астам халқы бар Ақтөбенің ауыз су инфрақұрылымын дамытуға кешенде жоспар құрылған. Жобаның жалпы құны – 13 млрд теңге. Алғашқы 5 млрд қайтарылған активтер қорыннан бөлінді. 

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz