RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

«Баспана алып беремін»: Ақтөбе облысында танысын алдаған күдікті ұсталды

07.09.2026, 10:10 56

Ақтөбе облысында танысына мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алып беремін деп, 10 млн теңгені иемденген күдікті ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Ақтөбе облысы полиция департаменті күдіктіні тұрғын үйді мемлекеттік бағдарлама арқылы алып беруге көмектесемін деген желеумен жасаған алаяқтық ісі бойынша тергеп жатыр.

Күдікті шамамен екі жыл бұрын танысының сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйді тиімді шарттармен алуға мүмкіндік бар екенін айтқан.

Тұрғын үйді рәсімдеу және қажетті мәселелерді шешу үшін жәбірленуші танысына 10 млн теңге көлемінде ақша берген. Алайда уәде етілген міндеттемелер орындалмай, жәбірленушінің ақшасы қайтарылмаған. Содан кейін ол полицияға арыз жазған.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz