Елдің инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр. Мәселен, Абай өңірінде Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл станцияларындағы төрт вокзал жөнделді.
Ал Ақтөбеде 120 жылдан астам уақыт бұрын бой көтерген Жем теміржол вокзалы жаңартылды. Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде 4 мың 200 орынға арналған бес білім ордасы пайдалануға беріліп, тағы оны күрделі жөндеуден өтті. Түркістан облысында тоғыз жаңа мектеп пен қосымша ғимарат ашылды. Ұлытаудағы Мыңадыр ауылында 80 орындық жаңа білім ошағы пайдалануға берілді.
Сондай-ақ Алматыда 120 және 160 орындық екі балабақша бой көтерді. Барлық мекемелер заманауи цифрлық құрылғылармен жасақталып, балалардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалған.
Тегтер #инфрақұрылым #вокзал #шар #Үшбиік #Жарма #Жалаңашкөл #Абай облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz