Қазақстанда қысқы маусымға дайындық аясында 33,1 млн тоннадан астам жемшөп әзірленді, бұл жоспарланған көлемнің 80%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, бұл науқанға Түркістан облысы көш бастап отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Атап айтқанда, 25,3 млн тонна шөп, 2,5 млн тонна сабан, 2,3 млн тонна пішендеме, 1,6 млн тонна құнарландырылған жем және 1,4 млн тонна сүрлем әзірленді.
Жемшөп дайындау бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
Түркістан облысы — 5,02 млн тонна
Жамбыл облысы — 3,25 млн тонна
Алматы облысы — 3,11 млн тонна
Батыс Қазақстан облысы — 2,58 млн тонна
Солтүстік Қазақстан облысы — 2,43 млн тонна
Қысқы маусымды ойдағыдай өткізу және сақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын жасақтады. Қажет болған жағдайда бұл резерв ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Еліміздің барлық өңірінде жемшөп дайындау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, ал бұл бағыттағы жұмыстар АШМ мен әкімдіктердің тұрақты бақылауында.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz