RU
Толық нұсқаға өту

Елде 33 млн тонна жемшөп жиналды

07.09.2026, 13:15 29

Өңірлерде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінге дейін шаруалар қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33 миллион тоннадан астамын жиып қойған.

Олардың арасында шөп, сабан, пішен, құнарландырылған жем және сүрлем бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дайындау көлемі жағынан Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 5,02 миллион тонна жемшөп әзірленді. Екінші орынға Жамбыл өңірі тұрақтады. Сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан аймақтары да жақсы көрсеткішке қол жеткізген.

Аталмыш науқан әлде де жалғасады. Қазір ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz