RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

FIS кубогы: Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден екі алтын медаль жеңіп алды

07.09.2026, 14:41 34

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, австриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) басып озды.

Екінші күні Қазақстан өкілдері алғашқы екі орынды иеленді. Жеңімпаз атанған Илья Мизерных 267,4 ұпай жинады. Екінші орынға 259,8 ұпаймен Данил Васильев жайғасты. Үздік үштікті 244,5 ұпай жинаған австриялық Якоб Штайнбергер түйіндеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz