Дәмхана иесі мен газ құю станциясының директоры жеті жылға, ал газ тасымалдаушы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болды деген айып тағылды.
Сотта 16 жәбірленушінің моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Сот қылмыстық істі қарау барысында облыс әкіміне қатысты жеке қаулы шығарды. Онда қоғамдық тамақтану нысандарындағы өрт қауіпсіздігін күшейтіп, анықталған кемшіліктерді жою керектігі айтылған.
Еске салайық, дәмханадағы жарылыс биыл 26 ақпанда болды. Бесқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған нысанда газ ауа қоспасы жарылып, артынша өртке ұласты. Салдарынан 28 адам зардап шексе, оның 12-сі көз жұмды.
Тегтер #дәмхана #жарылыс #газ құю стансасы #сот #қылмыстық ісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz