RU
Толық нұсқаға өту
Фото: reading-nation.kz

15 кітап оқып, 600 мың теңге ұтып алуға болады

07.09.2026, 15:24 40

Астанада «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына тіркеу басталды, деп хабарлайды «24KZ». 

Байқауға 6–10 сынып оқушылары, студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер, отбасылық командалар және жасы мен мамандығына қарамастан барлық тұрғын қатыса алады.

Қатысушылар ұсынылған тізімдегі 15 кітапты оқып, әр шығарма бойынша қысқаша пікір жазуы керек. Аймақтық кезең қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталады. Бірінші орынға – 600 мың, екінші орынға – 450 мың, үшінші орынға 300 мың теңге беріледі.

Оқу марафоны 2026 жылдың қыркүйегінен 2027 жылдың сәуіріне дейін қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Байқауға қатысу үшін reading-nation.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz