Астанада оқушылар мен педагогтерді кітап оқуға ынталандыратын «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. Жоба «Зерделі ұлт» бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, марафонға 6–10 сынып оқушылары мен педагогтер қатысады. Қатысушылар «Кітап оқитын мектеп» және «Кітап оқитын педагог» бағыттары бойынша бақ сынайды.
Алты айға жоспарланған жоба барысында қатысушылар 15 кітап оқып, төрт кезеңнен өтеді. Олар әр шығарма бойынша негізгі бес ойды анықтап, кітап мазмұнын буктрейлер, инфографика, дебат және басқа да шығармашылық форматтар арқылы таныстырады.
Сонымен қатар қатысушылар оқыған шығармалары негізінде өзекті сұрақтар әзірлеп, кітаптағы идеялардың күнделікті өмірде және педагогикалық тәжірибеде қолданылуын көрсетеді.
Марафон қорытындысы бойынша үздік оқырмандарға жүлде беріледі. Ең белсенді бес қатысушы велосипедпен марапатталады. Оның төртеуі оқушыларға, біреуі педагогке табысталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба балалар мен ұстаздар арасында тұрақты оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап мазмұнын талдау және өз ойын шығармашылық тұрғыда жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz