Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы жаңа көпір Туманная өзені арқылы өтіп, Приморье өлкесін КХДР аумағымен байланыстырады, деп хабарлайды 24KZ.
Жаңа өткел 1959 жылдан бері жұмыс істеп тұрған теміржол қатынасына арналған «Достық көпірінің» маңында салынған. Сонымен қатар Хасан шекаралық өткізу пунктінің құрылысы аяқталды.
Жаңа өткізу бекеті 10 жолаққа есептелген. Ол арқылы 300-ге дейін көлік өткізуге мүмкіндік бар.
Жаңа бағыттың іске қосылуы екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін арттырып, сауда-саттыққа тың серпін береді деп күтіледі.
Көпірдің құрылысы былтыр сәуір айында басталған. Оны салу туралы шешім Ресей президенті Владимир Путиннің 2024 жылы КХДР-ға жасаған сапарынан кейін қабылданған.
Тегтер #Ресей #Солтүстік Корея #автокөлік #көпір #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz