Ел тұрғындары медицина сапасын көтеруді талап етеді. Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдамалық орталық арнайы зерттеу жүргізді.
«Қазақстандықтар елді мекендердің дамуын қалай бағалайды?». Сауалнаманың басты сұрағы – осы. Мамандар республика бойынша кәмелет жасынан асқан мың адаммен телефон арқылы сұхбаттасқан. Жалпы ауыл мен қаладағы құрылыс және жөндеу жұмыстары, жаңа әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуі – объективті көріністер. Бірақ жұртшылықтың инфрақұрылым игілігін қаншалықты сезініп жатқаны белгісіз. Осыған байланысты олардың субъективті пікірі сараланған болатын. Сонымен халықтың 82 пайызы өмір сүруге қанағаттанады. 68 пайызы соңғы 3 жылдағы өзгерістерді оң бағалайды. Тағы 70 пайызға жуық көпшілік алдағы 3 жылдан үлкен үміт күтетінін жеткізіпті.
Азат Мұхамедиев, Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдамалық орталықтың зерттеуші аналитигі:
- Толықтырып кететін бір мәселе бар. Жалпы халық алдағы уақытта да инфрақұрылымның жақсарғанын күтеді және соған сенеді. Халықтың негізгі сұранысы – инфрақұрылым мәселесі. Бұл жерде атап өткенде медициналық инфрақұрылымдар, аурухананың салынуы. Одан кейін интернет және мобильдік желінің жақсаруы және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, соған байланысты халықтың болашаққа деген үміті зор. Және мен атап өткен салалар жақсарады деген сенім бар.
Тегтер #24KZ #Астанa #инфрақұрылым #сауалнама #Ұлттық талдамалық орталық #зерттеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz