15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және одан шығудың жаңартылған ережелері күшіне енеді. Осыған байланысты қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларға әуежайға алдын ала келуге кеңес берді, деп хабарлайды 24KZ.
Әуе компаниясының хабарлауынша, өзгерістерге байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру рәсімі бұрынғыдан ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Қытайға баратын немесе елден ұшып шығатын жолаушыларға сапарға қажетті құжаттардың, соның ішінде төлқұжаттың болуын және жарамдылық мерзімін алдын ала тексеріп, Қытай Халық Республикасына кіру және одан шығудың қолданыстағы талаптарымен танысу ұсынылады. Сондай-ақ жолаушыларға әуежайға ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын келіп, бақылаудан өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады, — делінген хабарламада.
Әуекомпания Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимнің қолданыста екенін еске салады. Қазақстан Республикасының азаматтары Қытай аумағында бір сапар аясында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз тұрақтай алады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Қытай #кіру ережелері #визаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz