RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында шаруаларға арзан дизель беріліп жатыр

07.09.2026, 19:45 43

Қостанай облысының шаруаларына дизель отыны жеңілдетілген бағамен беріліп жатыр. Өңірге 80 мың тоннаға жуық жанар-жағармай жеткізіліп, литрі 311 теңгеден сатылуда. 

Бұл нарықтағы бағадан 20 теңгеге арзан. Қазір шаруалардың қолындағы бар техника егін жинау науқанына жұмылдырылды. Бүгінде 2 миллион гектардан астам алқаптағы бидай орылды. Бұл барлық дәнді дақыл алқабының 62 пайызы. Дизелді арзанға алған шаруалар біраз ақша үнемдедік- деп отыр. 

Бәкір Бекіров, шаруа:

- Бұл біз үшін үлкен жеңілдік. Мысалы, 100 тонна дизель отынын алсақ, шамамен 5 млн теңге үнемдейміз. Бұл өнім бағасына да әсер етеді. Биыл 232 тонна дизель отынын сатып алдық. Соның өзінде шамамен 11 млн 500 мың теңге үнемдедік.

Абай Нұржанов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

- Шілде-тамыз айларында жеңілдетілген дизель отынының литрі 305 теңге болды. Қыркүйекте баға 311 теңгеге көтерілді. Бұған мұнай өңдеу зауыттарының бағаны өсіруі себеп болды. Ал коммерциялық бекеттерде дизель отынының орташа бағасы 335 теңге.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz