Қазақстан өңірдегі авиациялық хабқа айналып келеді. Қазір отандастарымыз 30 елге ұшақпен қатынай алады. «Ашық аспан» режимі аясында халықаралық әуе қатынасы 135 бағытқа дейін кеңейтілді.
Биыл Варшава, Шанхай, Гуанчжоу, Ларнак, Ұлан-Батор, Измир сынды жаңа рейстер ашылды. Оған қоса еліміз Азия мен Еуропа арасын жалғайды. Оның жарқын мысалы, Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша қатынайтын Vietjet Air рейсі. Соңғы үш жылда Қазақстан арқылы өтетін транзиттік рейстер төрт есе өскен. Дәл осы аралықта Алматы, Қызылорда және Шымкентте жаңа терминалдар іске қосылып, мұндағы жолаушылар саны 6 жарым есе көбейді. Атап айтқанда, бұл әуежайлар жылына 23 млн жолаушыға дейін тасымалдай алады. 2026 жылдың соңына дейін Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар ашылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біз авиациялық хабты дамыту аясында арта түскен сұранысқа сай болу мақсатында Астанада жаңа заманауи әуежай салу жөнінде шешім қабылдадық. Осы орайда, Сингапурдың озық тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырып отыр. Чанги әуежайы әлемдік авиацияда «алтын стандарт» ретінде танылған. Тиімділігі жоғары әрі озық инновациялар енгізілген кешен жолаушыларға мінсіз қызмет көрсетеді. Біз жаңа жобаны іске асыруда осы тәжірибені ескереміз.
Транзиттік рейстер төрт есе өсті
Тасымалданатын жүк көлемі де артты. Мәселен, биыл елде 100 мың тоннадан аса жүк өңделіп, көрсеткіш 10%-ға өскен. Оған қоса авиакеросин өндірісін аррттыру жоспарда бар. 2032 жылға қарай отандық авиаотын өндірісі жылына 1,8 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін. Айта кетейік, биыл отандық зауыттар 825 мың тонна авиаотын өндіруді көздеп отыр.
Тегтер #24KZ #әуе қатынасы #авиациялық хаб #халықаралық бағыт #ұшақ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz