Алматыдағы онкологиялық орталықта дәрі-дәрмектің науқасқа дейінгі жеткізу жолы роботтың көмегімен бақыланады.
Яғни роботтандырылған дәріхана кешені мен препараттарды жабық, герметикалық жағдайда дайындау жүйесі енгізілді. Жаңа технология дәрі-дәрмекті қабылдап, сақтаудан бастап, науқасқа беруге дейінгі үдерісті автоматтандырады. Жүйенің басты ерекшелігі әрбір препарат цифрлық бақылауда болады. Арнайы код арқылы дәріге жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Онымен жасалған барлық әрекет жүйеде тіркеледі. Осылайша, мамандар препараттың дәріханаға түскен сәтінен бастап науқасқа берілгенге дейінгі жолын бақылап отырады. Бұл онкология үшін аса маңызды. Себебі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің дәлдігі мен қауіпсіздігі емдеу сапасына тікелей әсер етеді. Қазір Алматы онкологиялық орталығында 38 мыңнан аса науқас есепте тұр.
Самал Балаханова, қалалық онкологиялық орталықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
- Датаматрикс кодпен әрбір дәрілік заттың қорабын қадағалау үрдісіне көп назар аударылады. Осы үрдісті жетілдіру мақсатында орталықпен автоматтандырылған роботтандырылған құрылғы алынған болатын. Бұл құрлығының басты ерекшелігі – мекемеге келген әрбір қорапты датаматрикс бойынша қабылдау, оны сақтау және бөлімшелердің қажеттілігіне қарай әрбір қорапты жеке тіркеу арқылы бөлімшелерге беру.
Тегтер #24KZ #Алматы #дәрі дәрмек #робот #науқас #онкологиялық орталықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz