Батыс Қазақстан облысында «Әділет» партиясының өкілдері жергілікті жастармен кездесіп, өңірлік қолдау шараларын талқылады.
Бүгінде облыста 185 мыңнан астам жас тұрады, бұл аймақ халқының төрттен бір бөлігі. Жиында жас буынның білім алуы, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй, кәсіпкерлік, қоғамдық белсенділік және ауыл жастарына арналған мүмкіндіктер талқыланды. Жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Партия өкілдері «Әділеттің» басты басымдығы – жастарды жасанды интеллект дағдыларына үйрету және жаңа жұмыс орындарын ашу екенін атап өтті. Бос орындар жәрмеңкесінен бастап көшбасшылық мектептерге дейінгі жобаларды жергілікті жерлерде партияның жастар қанаты жүзеге асырып жатыр.
Ерлік Шамғали, «Жастар рухы» жастар қанаты БҚОФ төрағасы:
- Бір толқында диалог алаңының негізгі мақсаты жастардың ойын, жастардың қазіргі қоғамда көтеріп жүрген мәселелерін, осы партиямен бірлесе отырып негізгі мәселелерді шешу болып табылады. Сонымен қатар бүгінгі шарамызға ауылдан да арнайы жастардың өкілдері келіп, өздерінің мемлекеттік бағдарламалар бар, партиялық жобаларға байланысты ұсыныстарын айтып жатыр.
Тегтер #24KZ #Әділет партиясы #БҚО #жастар #Жастар рухыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz