RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

07.09.2026, 22:30 38

7-13 қыркүйек аралығында еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жанұядағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.

Таңшолпан Ерманов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы:

- 7 қыркүйек, дүйсенбі күні дәстүрлі құндылықтарға бағытталған. Іс-шараларымыз үлкендердің батасынан басталады. 50 жыл өмір сүрген отбасыларды марапаттайтын боламыз. Шаралардың мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылардың бір-біріне деген қамқорлығын, сыйластығын арттыру және мемлекеттік шараларды барлық халыққа жеткізу.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz