RU
Толық нұсқаға өту

Астанада 60-тан астам аула абаттандырылды

07.09.2026, 23:00 38

Елордада саябақтар мен балаларға арналған ойын алаңдарын көркейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Мәселен, Астананың Сарыарқа ауданында жыл басынан бері 20 аула мен 3 қоғамдық кеңістік абаттандырылған. Соның бірі Рауан көшесінің бойында орналасқа демалыс орны.

Бұл аумақ осыған дейін қараусыз жатқан қоқысқа толы жер болатын. Қазір тұрғындар үшін жайлы демалыс орнына айналған. Мұнда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселді. Жаңа орындықтар мен жарық шамдары орнатылып, балалардың ойнап, тұрғындардың спортпен айналысуына ерекше жағдай жасалған.   

Дүйсен Шалғынбаев, Сарыарқа ауданының тұрғыны:

- Бір айдың ішінде саябақ салынды. Немерелерімізге жақсы болды. Балалар ойнайды. Камералар қойылды. Кешкі сағат оннан кейін жабылады. Балалар тарайды. Үлкен кісілер емін-еркін отырады. 

Аумағы шамамен 10 мың шаршы метр болатын кеңістікте футбол алаңы, спорттық воркаут аймақтары, әр жастағы балаларға арналған ойын алаңдарын кездестіресіз. Бастысы тұрғындар дән риза.

Людмила Гайнуллина, Сарыарқа ауданының тұрғыны:

- Осыған дейін біздің көшеде бірде бір балалар алаңы болған жоқ. Кейін Сарыарқа ауданы әкімдігіне ұсыныс тастадық. Олар біздің өтінішімізді бірден қабыл алып, аумақты көркейтіп берді. Егер бұл жерге кешкі уақытта келсеңіз жүзіне күлкі үйірілген балақайларды кездестіресіз. Үлкендердің өзі әр демалыста сенбілікке шығып, аумақты тазартаып отырады. 

Қала әкімдігі жыл басынан бері 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырған. Оның 60-тан астамы «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы іске асқан.  

Авторлары: Мерей Қанапия, Ақылбек Есімсейтов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz