RU
Толық нұсқаға өту

Елде үш президенттік кітапхана ашылады

08.09.2026, 09:15 35

Елде екі жыл ішінде үш президенттік кітапхана ашылады. Қазір Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында құрылыс жүріп жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл кітапханалар ірі шығармашылық әрі зияткерлік орталыққа айналуға тиіс. 

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы және басқа да облыс орталықтарында бірнеше кітапхана бой көтереді. Биыл 6 жаңа кітапхана іске қосылады. Сондай-ақ елде қолданыстағы кітапханаларды жаңғырту ісі қолға алынды. Былтыр қалалық және ауылдық жердегі 36 кітапхана күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл тағы 30 кітапхананы жаңарту көзделіп отыр.

Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы:

- Президенттік кітапханалар тек кітап сақтау орны деп түсінбеу керек. Президенттік кітапханалар цифрлық, үлкен зияткерлік орталықтар болады. Мысалы, Астанада салынып жатқан кітапханада 10 млн-ға дейін кітап қорын сақтау мүмкіндігі болады. Сонымен бірге бір мезетте мыңдаған адамға қызмет көрсету жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz