Астаналық оқырмандар түнде де бас қосып, кітап оқиды. «Ой орда» клубына 300-ге жуық оқырман жазылған. Олар: «Кітапты оқып қана қоймай, ортаға салып талқылау маңызды», - дейді.
Клуб мүшелері осы себепті коворкинг орталыққа жиналып, өз ойларын ортаға салады. Дәл қазір «түнгі кітапхана» маусымы басталған. Бұл жоба жұмыстан тыс уақытты тиімді өткізуге де сеп. Қауымдастық өкілдері осы арқылы кітапсүйер қауымның қатарын арттырамыз деген сенімде.
Жансұлтан Ғизатұлы, «Ой орда» қауымдастығының вице-президенті:
- Кешкі уақытта немесе тіпті түнге жақын уақытта кітап талқыны өткізуге өте қатты сұраныс бар. Сондықтан осы маусымда «түнгі кітапхана» деп қойдық, кітаптарды түнге қатысты «Ай мен Айша», «Түн астындағы кітапхана» және «Түнде атылған оқ» кітаптары таңдалды. Ерекшелігіміз, біз бір кітапты 4 рет таңдаймыз.
Тегтер #түнгі кітапхана #оқырман #кітап #коворкингPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz