RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҚазАвтоЖол

«Алматы — Бішкек» тасжолында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

08.09.2026, 10:38 38

«Алматы — Бішкек» трассасында құрылыс жұмыстарына байланысты жыл соңына дейін жүк көліктері жүре алмайды, деп хабарлайды «24KZ».

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 11 қыркүйектен бастап құрылыс жұмыстары басталады.

Республикалық маңызы бар «Алматы — Бішкек» автомобиль жолының 25-шақырымында, Қаскелең қаласы маңында, көлік айрығының монолитті аралық құрылысын орнату жұмыстарына байланысты ірі габаритті және ауыр жүк көліктерінің қозғалысы жыл соңына дейін шектеледі.

Шектеу биіктігі 4,5 метрден және ені 8 метрден асатын көлік құралдарына қатысты.

Жеңіл және жолаушылар көлігіне, сондай-ақ белгіленген габариттен аспайтын жүк көліктеріне шектеудің қатысы жоқ.

Ауыр және ірі габаритті көлік жүргізушілеріне маршрутты алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануды сұраймыз, — делінген хабарламада.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz