Қостанай облысының Перелески ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Әлеуметтік нысан тек сол аумақтың емес, көрші Қырым ауылының тұрғындарын да қабылдауға әзір.
Енді жергілікті халық профилактикалық тексеруден өтіп, ауруларды ерте анықтай алады. Аталмыш жобаның жалпы құны 494 миллион теңгеге шақтайды. Оның 455 миллионы Арнайы мемлекеттік қор, яғни қайтарылған активтер есебінен бағытталған.
Марат Сексембаев, Қостанай облысының прокуроры:
- Бұл мемлекетке қайтарылған активтердің әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталуының нақты мысалы. Жаңа заманауи медициналық нысан Перелески және Крымское ауылдарының 2 мың тұрғынына тұрғылықты жері бойынша сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек алуға мүмкіндік береді. Жобаның – құны 494 млн теңге, оның 455 миллионы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қалыптастырылған Арнайы мемлекеттік қор қаражатынан бөлінді.
Тегтер #қайтарылған активтер #дәрігерлік амбулатория #Арнайы мемлекеттік қор #Қостанай облысы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz