RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Бір аумақтан 167 шақырту: Алматы полициясы 11 ойын-сауық орнын бақылауға алды

08.09.2026, 15:08 35

Алматының орталығындағы 11 ойын-сауық орны полицияның ерекше бақылауына алынды. Бұл аумаққа жыл басынан бері қоғамдық тәртіп пен түнгі тыныштықтың бұзылуына байланысты полицияға 167 шақырту түскен, деп хабарлайды 24KZ.

Полиция мәліметінше, Назарбаев даңғылының 120 және 124-үйлерінде орналасқан 11 ойын-сауық орнында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 257 әкімшілік хаттама толтырылған. Нысан басшыларына қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқық бұзушылыққа себеп болатын жағдайларды жою жөнінде бірнеше рет ескерту берілген.

Алайда кейбір нысандар бойынша талаптардың тиісті деңгейде орындалмағаны анықталған. Қажетті шараларды қабылдамаған немесе атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсынбаған нысан басшыларына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабы бойынша тағы 11 әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, бұл аумақтағы жағдай полицияның жіті бақылауында.

Біз тек құқық бұзушылықтарға ғана емес, тұрғындардың тыныштық пен қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты шағымдарына да жедел ден қоямыз, – деді Тимур Ноғайбаев.

Полиция өкілдері ойын-сауық орындарының иелері мен басшылары өз нысандарындағы келушілердің ғана емес, маңайда тұратын тұрғындардың да қауіпсіздігі мен тыныштығын ескеруі қажет екенін атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz