RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекетке 1,1 трлн теңгеден астам заңсыз актив қайтарылды

08.09.2026, 19:24 39

Үш жыл бұрын қабылданған заңның нәтижесінде мемлекетке ақша ғана емес, жылжымайтын мүлік, компаниялардағы үлестер мен жер учаскелері де өткен. 

Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінен бері қайтарылған активтердің жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асты. 2024 жылы – 302 млрд-тан астам, 2025-те – 774 млрд, ал биыл 78 млрд теңгеге жуық актив мемлекет меншігіне өткен.

Қайтарылған активтерді сатудан түскен қаражат арнаулы мемлекеттік қорға аударылады. Бұл қаржы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Бүгінге дейін қордан 466 әлеуметтік нысанға 618 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Оның ішінде білім, медицина, сумен қамту, инфрақұрылым және спорт нысандары бар. 349 нысан пайдалануға берілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz