RU
Толық нұсқаға өту

Өндірісте жарақат алған жұмысшы сақтандыру төлемін қалай алады?

08.09.2026, 21:03 38

Жұмыс орнында жарақат алу сақтандыру төлемінің міндетті түрде тағайындалатынына кепілдік бермейді. 

Алдымен жазатайым оқиға тергеліп, оның қызметтік міндеттерді орындау кезінде болғаны анықталуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілдері айтты. Жұмыс беруші оқиға туралы білген сәттен бастап, үш күннен кешіктірмей сақтандыру компаниясына хабарлауға міндетті. Жазатайым оқиғаны жасыру немесе құжаттарды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер сақтандыру төлемдерін алуды қиындатуы мүмкін. Инспекция өкілдерінің айтуынша, сақтандырудың болуы жұмыс берушіні еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетінен босатпайды.

Талғат Үмбетияров, мемлекеттік Еңбек инспекциясы Алматы департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:

- Жұмысшы өзінің қандай жағдайда сақтандырылғанын біліп, оқыс оқиғаны тергеп-тексеруге қатысуға, өзі келіспейтін шешімге шағымдануға құқылы. Егер дау туындаса, ол сақтандыру ұйымына, мемлекеттік органға немесе сотқа жүгіне алады. Ол ешкімге керексіз болып қалмауы керек. Заңнамаға сәйкес сақтандыру төлемін алуға құқығы бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz