RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда курсанттар ұшу даярлығын пысықтады

09.09.2026, 07:45 65

Азаматтық авиация академиясында оқитын курсанттар енді  Петропавл қаласында да ұшу даярлығын пысықтайды. Болашақ ұшқыштар алғаш рет қалалық әуежайда тәжірибеден өтіп жатыр.

Курсанттарға төрт орынды екі ұшақ берілген. Олар түнгі мезгілде де ұша алады. Алда әуе кемелерінің санын онға дейін жеткізіп, шаһарда азаматтық авиация мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнын ашу жоспары бар.

Анар Зейніл, қалалық әуежай директорының орынбасары:

- Бүгінде қаламызға алты курсант шақырылды. Олар алғашқы оқу-жаттығуларын  бастап кетті. Біздің әуежай тәжірбиелік сабақтарды өткізуге өте қолайлы. Себебі әуе қозғалысы тығыз емес. Әрі жазық орманды алқап болғандықтан, климаты да жайлы. Бұл жас ұшқыштарды үйрету үшін өте маңызды фактор болып есептеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz