Жоғары Сот Кеңесі аудандық соттардағы 91 бос судья лауазымына конкурстың қорытындысын шығарды. Оған кандидаттар тарапынан қызығушылық жоғары болды.
Әсіресе Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты судьясы лауазымына бір орынға 97 кандидат өтінім берді. Іріктеу қорытындысы бойынша 61 үміткерге ұсыным берілді.
Сондай-ақ судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру шеңберінде кейінгі 10 жылда алғаш рет Кеңес регламенті қайта қаралды. Оның ішінде кандидаттарды бағалау тәртібі өзгерді. Кеңес 50 судьяны лауазымдарынан босатуды ұсынды. Олардың арасында отставкаға шыққан, өкілеттік мерзімі біткен немесе басқа жұмысқа ауысқан мамандар да бар.
Салтанат Жүніспекова, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі:
- Басты жаңашылдық – бағалау кезеңінде қолданыстағы «кедергі келтіреді кедергі келтірмейді» тәсілінің орнына балдық жүйесіне көшу. Бұл өзгерістер, сонымен қатар конкурстық іріктеуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін Кеңестің жеке ақпараттық жүйесін әзірлеумен байланысты. Осылайша біз Мемлекет басшысының судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз.
Тегтер #аудандық сот #судья #конкурс #жоғары сот кеңесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz