RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Air Astana әуе кемесі Франкфурт әуежайына шұғыл қонды

09.09.2026, 09:34 42

Алматы – Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындап жатқан Airbus A321 әуе кемесі Франкфурт әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды «24KZ».

Әуе кемесінің бортында 138 жолаушы болған. Өкінішке қарай, Лондон Хитроу әуежайы түннің соңына дейін жабық күйінде қалады, осыған байланысты Air Astana әрі қарайғы ұшуды тоқтатуға мәжбүр.

– KC663 рейсінің ұшуы келесі күннің таңына сағат 09:25-ке (UTC) шегерілді. Барлық жолаушылардың ішінде 67 адамның жарамды Шенген визасы жоқ, сондықтан олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалады, – делінген хабарламада.

Компанияның дерегінше, барлық жолаушыларға күту уақытында тамақ пен салқын сусындармен қамтамасыз етілуі үшін әуежайда тамақтануға арналған ваучерлер берілген.

Әуекомпанияның жерүсті қызметтері мен өкілдері қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүймен қамтамасыз ету, сондай-ақ күтпеген кідіріс жағдайында қажетті тамақпен, сусындармен және қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz