RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Қазақстанның басым бөлігінде ыстық сақталады

09.09.2026, 09:42 48

Қазақстанның басым бөлігінде +30 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды «24KZ» Қазгидромет мәліметіне сүйеніп. Синоптиктердің болжамынша, республика аумағындағы күн райы әр аймақта әртүрлі болады, атап айтқанда, тек елдің батыс өңірінде ғана ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.

Елдің ірі қалаларындағы ауа райы төмендегідей болмақ:

Астана: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін көтерілсе, түнде көрсеткіш +14...+16 градус шамасында болады.

Алматы: Өңірде күн ала бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын тіркелмейді. Күндізгі уақытта ауа +31...+33 градусқа дейін қызса, түнде +15...+17 градусқа түседі.

Шымкент: Күн ала бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде. Күндізгі ыстық +33...+35 градусқа жетсе, түнде ауа температурасы +18...+20 градусты құрайды. Сонымен қатар бұл өңірде күндіз желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz