Қазақстандағы кітапхана саласының негізгі көрсеткіштерін бір жерден көруге мүмкіндік беретін жаңа аналитикалық платформа әзірленді. LABA (Library and Book Analytics) жүйесінде елдегі кітапханаларға қатысты статистикалық деректер жинақталған, деп хабарлайды «24KZ».
Платформада кітапханалар желісі, оқырмандар мен келушілер саны, кітап қоры мен берілген әдебиеттер, цифрлық ресурстар және кадрлық әлеует туралы негізгі көрсеткіштер қамтылған.
Деректер диаграмма, рейтинг, интерактивті кесте және өңірлер бойынша салыстырмалы мәлімет түрінде берілген. Осы арқылы саладағы өзгерістерді бақылап, өңірлердің көрсеткіштерін салыстыруға болады.
Жобаның негізіне «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Мәліметтер мен сандар» ғылыми-сараптамалық шолуындағы деректер алынған. Жаңа статистикалық есептер жарияланған сайын LABA платформасындағы ақпарат та жаңартылып отырады.
Платформа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ мобильді құрылғыларға бейімделген.
Жобаны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан әзірлеген.
LABA платформасындағы мәліметтермен онлайн танысуға болады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #кітапхана #LABA #платформа #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz