RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Көкшетауда жас жігіт биіктен құлап, көз жұмды

09.09.2026, 14:18 18

Ақмола облысында салынып жатқан биік ғимараттан жас жігіт құлап, мерт болды, деп хабарлайды «24KZ».

Көкшетауда 2007 жылы туған ер адам құрылыс алаңында қайтыс болды. Ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.

Оқиға 8 қыркүйекте болды.

«Құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан нысанда 2007 жылы туған азамат тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz