Елді елең еткізген екі бүркіт. Катонқарағай ұлттық паркінде жыртқыш құстар фототұзаққа түсті. Қос қыран қонақтаған орында бұған дейін қар барысы да таспаға түскен еді.
Сәйкестік пе, әлде сәттілік пе, әйтеуір видео көпшілікті тәнті етті. «Мұндай кадрлар жабайы жануарлар мен құстардың тыныс-тіршілігі туралы құнды мәлімет жинауға мүмкіндік береді», - дейді Экология министрлігі.
Тегтер #24KZ #Катонқарағай #қыран #бүркіт #фототұзақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz