RU
Толық нұсқаға өту

Елде жем-шөптің 80%-ы дайын

10.09.2026, 07:40 42

Шаруа баққан ағайын қысқа қамданып жатыр. Бұл жетіде елде дайындалған жем-шөп көлемі 33 млн тоннадан асады. Бұл – жоспардың 80 пайызы. Мұның ішінде 25 млн 300 мың тоннасы шөп, 2 жарым млн тоннасы сабан, 2 млн 300 мың тоннасы пішен. Сосын 3 млн тоннадан аса жем мен сүрлем әзірленді.

Аймақтар арасында Түркістан облысының фермерлері көш бастап тұр. Өңірде 5 млн тоннадан аса жем-шөп қамдалды. Одан кейінгі Жамбыл облысында – 3 млн 250 мың тонна, Алматы облысында 3 млн тоннадан аса мал азығы жиналды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруалары да қысқа қамданысты ширатты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz