RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте есірткіге қарсы бұқаралық акция басталды

10.09.2026, 09:40 37

Оңай олжа опық жегізеді. Жыл басынан бері Шымкентте есірткіге қатысты 347 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 400 келіден астам психотроптық зат тәркіленді.

Сорақысы сол, ұсталғандардың арасында 19 жасөспірім бар. Қазір өңірде «Есірткісіз қала» атты бұқаралық акция өтіп жатыр. Барлық аудан аумағында есірткіні насихаттайтын заңсыз жазбалар өшіріліп, мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды. 

Акцияға полиция қызметкерлері мен еріктілер, коммуналдық сала жұмысшылары да біркісідей атсалысты. Қатысушылардың айтуынша, бұл іс-шара жастарды жат әдеттен арылтуға септігін тигізеді.

Мұхтар Қожаев, қалалық Полиция департаментінің бастығы:

- Осы жақында барлық мектеп оқушылары, студенттер арасында оқу сезоны басталған болатын. Сондықтан біз осы жұмысымызды 1 қыркүйекте бастап кеттік. Қаладағы барлық оқу орындарында, орта мектептерде осындай құқықтық сабақтар өткізудеміз. Өзіміздің дайындаған полицияның арнайы видео роликтері бар. Соны көрсетудеміз.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz