Көлік министрлігінің екі шенеунігі ауыр жүк көліктерін белгіленген салмақ нормасынан асырып өткізу үшін кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам ақша алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 24KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
ҰҚК мәліметінше, күдіктілердің бірі – Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары, екіншісі – Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.
Тергеу деректеріне сәйкес, олар жүгі белгіленген салмақ нормасынан асатын көліктердің кедергісіз өтуін қамтамасыз еткен. Осы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 40 млн теңгеден астам материалдық сыйақы алған.
Екі шенеунік те тамыз айында ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Іске қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Тегтер #ҰҚК #Көлік министрлігі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz