RU
Толық нұсқаға өту

Астанада травматологтар мен ортопедтердің халықаралық конференциясы өтіп жатыр

10.09.2026, 14:00 36

Астанадағы Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының құрылғанына 25 жыл. Осыған орай бүгін «Диагностикадан оңалтуға дейінгі пәнаралық травматология және ортопедия» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

Екі күнге жоспарланған жиынға Қазақстаннан және шетелден 600-ге жуық маман қатысып, заманауи емдеу тәсілдері мен хирургиялық технологияларды талқылайды. Бағдарламада эндопротездеу, сүйек онкологиясы, балалар ортопедиясы және оңалту бағыттары қамтылған. Сонымен қатар робот-ассистенттің көмегімен артропластика және күрделі ревизиялық эндопротездеу мәселелеріне арналған симпозиумдар өтеді.

Жиын аясында Азия-Тынық мұхиты ортопедиялық қауымдастығы мен Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығының бірлескен отырысы ұйымдастырылады. Ал жас ғалымдар «Батпенов оқулары» байқауында ғылыми жұмыстарын таныстырады. Конференция барысында заманауи медициналық жабдықтар мен технологиялар ұсынылған көрме де өтті.

Серік Балғазаров, Батпенов атындағы ҰҒТОО директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары:

- Бұл конференцияда травматология ішінен бөлінеді ғой. Омыртқа, жамбас мысалы, қол-аяқ дегендей. Сондай әр түрде секциялар болады. Одан кейін асқынған жаралар, оқ-дәріден болған, ол да өз алдына бір секция. Сондықтан әр  маман өзі таңдайды өзіне қандай секция керек болатынын. Бұл жерде Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер бар. Олар бір-бірімен танысып, оқиды, қарайды, тәжірибе алмасады дегендей.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz