«ҚазАвтоЖол» өкілдері республикалық маңызы бар жолдардың бойына қоқыс тастайтын азаматтарды бейнежазба арқылы анықтап, тиісті материалдарды жариялайтынын ескертті, деп хабарлайды 24KZ.
Компанияның мәліметінше, кейбір елді мекен тұрғындары үй қоқысын арнайы көлікпен әкеліп, жол бойындағы жәшіктерге тастап кетеді. Қаптардағы тұрмыстық қалдықтар, қораптар мен тамақ қалдықтары жол қызметкерлеріне қосымша жұмыс жүктейді.
Негізінде жол бойындағы қоқыс жәшіктері жүргізушілер мен жолаушыларға арналған. Оларға сапар кезінде жиналған шағын көлемдегі қалдықтарды тастауға болады.
«ҚазАвтоЖол» мамандары жолдарды, жиектерді, аялдамалар мен жол бойындағы аумақтарды күн сайын тазалайды. Алайда үй қоқысын арнайы әкеліп тастау — жол қызметкерлерінің міндетіне кірмейді.
Компания мұндай фактілердің бейнебақылау камераларына түсетінін атап өтті. Алдағы уақытта жол бойына тұрмыстық қалдық тастаған азаматтардың әрекетін көрсететін фото және бейнематериалдар жарияланбақ.
«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар жолдардың тазалығы ортақ жауапкершілік екенін еске салды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #қоқыс #ҚазАвтоЖол #ескертуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz