RU
Толық нұсқаға өту

Энергия үнемдеу үшін бақылау күшейеді

10.09.2026, 19:20 42

Энергия үнемдеуді үйреніп келеміз. Былтыр елде жалпы ішкі өнімді өндіруге жұмсалатын энергия көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 4%-ға азайды. Алдағы үш жылда аталған көрсеткішті 10 пайызға дейін жеткізу межесі тұр.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Энергияны үнемдеудің ең тиімді жолы – кәсіпорындарға бақылауды күшейту. Яғни алдымен олардың қанша қуат тұтынатыны есептеліп, арнайы аудит жүргізіледі. Нәтижесінде қай өндірістік процесте энергияның тиімсіз жұмсалып жатқаны белгілі болады. Министрліктің мәліметінше, елде ең көп ресурс тұтынатын 106 субъектінің 53-і өнеркәсіп кәсіпорны. Оның 30-ы өңдеу, 23-і тау-кен метталургия кешеніне тиесілі.

Олжас Әлібеков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төраға орынбасары:

- Ұсынылып отырған өзгерістер төрт негізгі бағытқа шоғырланған. Біріншісі – энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды Экологиялық кодекстің ережелерімен үйлестіру. Екіншісі – Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тетіктерін жетілдіру, бұл деректердің сапасын және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншісі – энергия сервистік нарығын дамыту және энергия тиімді жобаларды іске асыруға бизнестің неғұрлым белсенді қатысуы үшін жағдай жасау. Төртіншісі – энергия тиімділігі саласындағы талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz