RU
Толық нұсқаға өту

ММА файтері Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін жазаланды

11.09.2026, 09:23 384

Танымал ММА файтері Еркебұлан Тоқтар балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ» Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желіде спортшы балағат сөз айтқан видеоны анықтаған.

Материалдарды Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарады. Тоқтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Алматы прокуратурасы танымалдылық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz