RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Ақмола облысында 5,8 млрд теңгелік инвестициялық жоба қайта жанданды

11.09.2026, 10:47 45

Ақмола облысының прокуратурасы араласқаннан кейін Степногорскіде құны 5,8 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қайта жалғасады, деп хабарлайды 24KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, «BRESK» ЖШС-нің жер пайдалану құқығы ұзартылды. Бұған дейін жерді пайдалану мерзімін ұзарту мәселесінің шешілмеуі жобаны әрі қарай қаржыландыруға және іске асыруға кедергі келтірген.

Прокуратураның араласуынан кейін жер пайдалану құқығы жаңа мерзімге ұзартылды.

Қабылданған шешім әкімшілік кедергіні жойып, қаржы тартуға және инвестициялық жобаны одан әрі жүзеге асыруға қажетті жағдай жасады, – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz