RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Түркия көші-қон қауіпсіздігі бойынша келісімге келді

11.09.2026, 15:22 41

Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды. Құжат Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлері кездесуінің аясында жасалды, деп хабарлайды 24KZ.

Келісімге Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Түркияның Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи қол қойды.

Құжат екі елдің көші-қон саласындағы өзара іс-қимылының құқықтық негізін нығайтып, мемлекет аумағында болуға заңды негізі жоқ адамдарды қайтару тәртібін айқындайды.

Кездесу барысында тараптар құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Трансұлттық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, іздестіру жұмыстары, көші-қон қауіпсіздігі, кадр даярлау және бейінді бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты дамыту негізгі бағыттар ретінде белгіленді.

Қазақстан мен Түркияны бауырластық қарым-қатынас пен өзара сенімнің жоғары деңгейі байланыстырады. Бүгінде бұл біздің ведомстволар арасындағы нақты өзара іс-қимылдан да көрініс табуда. Қол қойылған келісім – ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір нақты қадам, – деді Ержан Саденов.

Тараптар бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытып, тәжірибе алмасуды және қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша бірлескен жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz