Алаяқтарға алданған азаматтар соңғы бір жылда 16,5 млрд теңге жоғалтқан. Бұл туралы «Сitizensec» жобасының жетекшісі Гүлдана Жұматай мәлемдеді.
Оның айтуынша, жалған ақпаратқа сеніп тапқан-таянғанынан айырылып қалатындар азаймай тұр. Осы мәселемен күресу үшін «Сitizensec» жобасы жасалған. Жоба азаматтардың, мемлекеттік қызметшілер мен түрлі ұйымдардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Соның аясында бір жылда мыңдаған адам кибергигиенаға оқытылды. Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтіп жатқан «Cyber Step 2026» конференциясында киберқауіпсіздік, кибер мәдениет және алаяқтардан сақтану жолдары талқыланды.
Гүлдана Жұматай, «Citizensec.kz» әлеуметтік жобасының жетекшісі:
- Қазіргі таңда «Сitizensec» жобасында 70 мыңнан астам оқытуды өткен болатын. Оның ішінде 7 мыңнан астамы корпоративтік және мемлекеттік қызметкерлер. Оқыту бізде тегін. Яғни кез келген адам біздің базалық кибергигиенаға арналған курсты тегін өте алады. Уақыты шамамен – 15 минут. Яғни әр адам 15 минут ішінде қысқаша видеороликті көріп, өзінің киберқауіпсіздікке қатысты интернетте өзін қалай қорғауға болатынын үйрене алады.
Тегтер #алаяқтар #кибергигиена #Сitizensec #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz